
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);
3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі.
Бүгінгі күні тұрғындар жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті eGov.kz арқылы жібере алады. Қызметті пайдалану үшін порталға ЭЦП (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе QR-код арқылы кіріп, «Жылжымайтын мүлік» - «Жер қатынастары» бөлімінен «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін таңдау қажет. Әрі қарай онлайн-өтінімді толтырыңыз, кадастрлық нөмірді көрсетіп, кіріктірілген Жария кадастрлық картадан учаскеңізді белгілеңіз. Өтінішті ЭЦҚ арқылы қол қою және «Өтінішті жіберу» батырмасын басыңыз. Берілген өтініш мәртебесін «Өтініштер» бөлімінен қадағалауға болады.
Қосымша ақпараттарды Алтынсарин көшесі, 2 мекен-жайында орналасқан «Ақтөбе жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ алу болады. Байланыс телефон 8(7132)410398, инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақшасы: aqtobe_zher_saulet_bolimi.