Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату үшін онлайн өтініш беру

Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату үшін онлайн өтініш беру

Жер учаскесін жеке меншікке сатып алғыңыз келеді ме?

  1. www.egov.kz порталын ашып, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе СМС-құпиякод арқылы жүйеге кіріңіз.
  2. «Жылжымайтын мүлік»  «Жер қатынастары» бөліміне өтіп, «Жер учаскесін жеке меншікке біржолата немесе бөліп төлеп сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметін таңдаңыз.
  3. «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
  4. Электрондық өтінішті толтырып, оған жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны туралы актінің электрондық көшірмесін қоса беріңіз.
  5. Өтінімге өзіңіздің ЭЦҚ-ңызбен қол қойыңыз.

 

5 (бес) жұмыс күні ішінде eGov.kz-тегі «Жеке кабинетіңізге» көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы түседі. Рұқсат беру құжаттарына мемлекеттік мекеме басшысының ЭЦҚ-сы қойылған және олардың толық заңды күші бар.