
-ға түсетін зейнетақы жинақтарының түсуі мен қозғалысы туралы ақпаратты eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн алуға болады.
Сервис бөлімшелерге бармай-ақ зейнетақы жинақтарының түсуі мен қозғалысы туралы мәліметтерді тексеруге мүмкіндік береді. Екі қызмет түрі қолжетімді: инвестициялық кірісті ескере отырып зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат және инвестициялық кірісті есепке алмастан зейнетақы аударымдары туралы анықтама.
eGov Mobile мобильді қосымшасында қызмет «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру (инвестициялық кірістерін ескере отырып)» бөлімінде қолжетімді.
Қызметті алу үшін қажетті жолдарды толтырып, сұрауға ЭЦҚ, QR-код немесе логин мен құпиясөз арқылы қол қойыңыз. Қызмет көрсету нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетіндегі «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.