Ағаштарды кесуге рұқсат беру тәртібі

Ағаштарды кесуге рұқсат беру тәртібі

Кім көрсетеді:

         «Ақтөбе қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Нені қамтиды:

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ағаштарды кесуге рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Қалай алады:

      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету кезінде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);
кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәліметтер нысаны);
өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың жай-күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету кезінде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәліметтер нысаны);
өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, құрылыс (реконструкциялау) аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
3) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі кезінде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);
өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;
өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.
4) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;
көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат.

Жұмыс кестесі және мекен-жайы:

Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Қосымша ақпараттарды алу үшін Тургенев көшесі,  98/5 мекен-жайы орналасқан «Ақтөбе қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не  жолығуға болады.