Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш;
2) некеге тұру (некені бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері (ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, қажеттілігіне қарай);
3) жалдау шарты не тұрғынжай ордері;
4) басқа тұлғалар көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп танылған жағдайларда, соңғылары оларды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;
5) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайларда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 8-тармағына жататын азаматтар өздері иеленіп отырған мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді меншікке өтеусіз алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
6) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 8-тармағына жататын азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
7) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін, өздерінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
8) тұрғын үйді жалдау шарты бойынша берешегінің жоқ екенін растайтын құжат;
9) Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жекешелендірілген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
Бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі;
Үшінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.

2) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
Бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі;
Үшінші кезең: тұрғын үйді коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына беру, соның ішінде тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шыққан күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады;
Төртінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.

3) Республикалық мемлекеттік мекеменің немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
Бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі;
Үшінші кезең: жекешелендіру туралы шешім шыққаннан кейін тұрғын үйді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады:
тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қолдаухаты негізінде, теңгерімінде берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы;
беруші және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының қабылдау-беру актісіне қол қоюы және қабылдау-беру актісін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары) мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікті билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы бекітуі, және тұрғын үй бойынша шешімдер қабылданған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу;
Төртінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) Коммуналдық тұрғын үй қорынан, коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
- тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімі немесе дәлелді бас тарту;
- көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт.
2) Республикалық мемлекеттік мекеменің немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
- тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімі немесе дәлелді бас тарту;
- қабылдау-беру актісі;
-көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт.
Анықтама: Толығырақ ақпарат алу үшін «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-не мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Ақтөбе қ., Алтынсарин көшесі, 2, телефон: 41-17-26.