⚡️ Ақтөбе облысында 17 шақырым жылу желісі мен 300 шақырым электр желісі жаңғыртылуда ⚡️

⚡️ Ақтөбе облысында 17 шақырым жылу желісі мен 300 шақырым электр желісі жаңғыртылуда ⚡️

Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев Ақтөбе облысындағы жылу және электр энергетикасы нысандарының алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысымен танысты. Жұмыс сапары аясында ол «Ақтөбе ЖЭО» АҚ мен «Aqtobe su-energy group» АҚ нысандарында болып, жөндеу жұмыстарының орындалу барысын қарады. Станция басшылығына жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау және олардың сапасына өндірістік бақылауды күшейту тапсырылды. 📌 Ақтөбе облысындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 416 шақырымды құрайды. Биыл Ақтөбе қаласында 17,6 шақырым жылу желісін жөндеу жоспарланған. Бұдан бөлек, Ұлттық жоба аясында жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған төрт жоба іске асырылуда. Жауапты ұйымдардың басшыларына жылыту маусымы басталғанға дейін барлық жоспарланған іс-шараларды орындау жөнінде тапсырмалар берілді. 🔌 Өңірдің электр желілік кешенінде 2026 жылы 304 шақырым электр беру желісіне, 14 қосалқы станцияға және 65 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған