🔹Ақтөбеде жылу жүйелерін дайындау жұмыстары жалғасуда

🔹Ақтөбеде жылу жүйелерін дайындау жұмыстары жалғасуда

 «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ @aqtobesu алдағы 2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жалғастыруда. 👨🏻‍🏭 Жылу көздерінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «Юнис Сити» қазандығында жабдықтарды ревизиялау және техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты 2026 жылғы 8–10 маусым аралығында төмендегі мекенжайларда ыстық су беру уақытша шектеледі: 📍 Бөкенбай батыр көшесі, 155/1, 155/2, 155/3, 155/4, 155/5, 155/6, 155/7, 153/6, 157/1 (А, Б, В, Г блоктары), 46Б. Аталған жұмыстар алдағы жылыту маусымында жылумен жабдықтау жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.