
Құрылыс мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүргізілуде. Бұл әртүрлі даму ерекшеліктері бар балаларға жеке блоктары қарастырылған бірегей мектепке дейінгі білім беру орталығы болады.
⚜️ Облыс әкімі Асхат Шахаров әлеуметтік нысанның құрылыс барысын тексерді.
🏢 Бүгінгі таңда нысан 60%-ға дайын. Терезелері орнатылып, сыртқы және ішкі қабырғалары қаланды, сыртқы инженерлік желілері тартылған. Қазіргі уақытта қасбетті әрлеу, ішкі әрлеу жұмыстары және аумақты абаттандыру жүргізілуде. Бас мердігер — «Казстройподряд» ЖШС.
📅 Мектепке дейінгі мекеменің құрылысы 2025 жылдың сәуір айында басталған. Нысанды 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 7.4 млрд теңге.
🏫 Жаңа арнайы балабақша 300 орындық және өңірдегі осындай ірі нысандардың біріне айналады.
🔵 Ғимарат орталық атриумы мен қысқы бағы бар өткелдер арқылы жалғасқан бірнеше екі қабатты блоктан тұрады. Жобада тірек-қимыл аппараты, көру, есту және сөйлеу қабілеті, сондай-ақ интеллекті бұзылған балаларға арналған жеке блоктар қарастырылған.
🏥 Топтық бөлмелерден бөлек, балабақшада медициналық блок, бассейн, акт залы, ас блогы, әкімшілік кабинеттер және түзету жұмыстарына арналған арнайы кабинеттер орналастырылады. Сондай-ақ, кедергісіз орта қалыптастыру мен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген.
📌 Облыс әкімі нысан құрылысын сапалы әрі уақытында аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.
«Ерекше балаларға қолайлы жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі. Балабақша заманауи талаптарға сай болып, қауіпсіз, ыңғайлы және балалар мен ата-аналар үшін қолжетімді болуы тиіс»
, – деді өңір басшысы.
🌟 Нысан пайдалануға берілгеннен кейін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған сапалы мектепке дейінгі және түзету білімінің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді деп күтілуде.