
Ақтөбе қаласының аппарат басшысы бекіткен жоспарға сәйкес, 15-24 сәуір аралығында Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді үйлестіру бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының ішкі бақылау өткізілді. Бақылау объектісі — «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ. Бөліммен екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі: «Тұрғын үй сертификаттарын беру» және «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру». Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.