«Қазпоштаның» алдындағы алаң жаңа скверге айналады

«Қазпоштаның» алдындағы алаң жаңа скверге айналады

Биыл Ақтөбеде қала әкімінің қаланы көркейтуге үлес қосу туралы ұсынысын қабыл алған кәсіпорындардың демеушілігімен 26 қоғамдық кеңістік абаттандырылады.

Бірқатары жұмыстарын бастап та кетті. Солардың бірі - «Строй стандарт» ЖШС. Бұл компания өз қаражатына «Қазпошта» ғимаратының алдындағы алаңды абаттандырып жатыр. Компания өкілдері жұмыс жүріп жатқан аумақты қала әкімі Азамат Бекетке көрсетіп, жоспарларын айтып берді.

«Біздің компания қала әкімі Азамат Бауыржанұлының қаламызды көркейтуге демеуші болу туралы ұсынысын қабылдады. Қазір «Қазпошта» алдындағы 1200 шаршы метр алаңды абаттандырып бастадық. Брусчатка төсеп, орындықтар қоямыз, жарықтандырамыз. Газон және жасыл қоршау егеміз, тамшылатып суару жүйесін орнатамыз. Жұмысты бір ай көлемінде аяқтап, тұрғындардың демалысына қолайлы орын етіп тапсырамыз», - деді учаске басшысы Данияр Ғани.