🔹Ақтөбеде су тасқынының алдын алу үшін мұз жару жұмыстары жүргізілуде

🔹Ақтөбеде су тасқынының алдын алу үшін мұз жару жұмыстары жүргізілуде

Бүгін Ақтөбе қаласының аумағындағы Елек өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты — мұз кептелістерінің алдын алу және еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету.

Жұмыстар «Green Land» демалыс базасы мен «Зеленстрой» бау-бақша ұжымы маңындағы аумақтарды қамтыды. Мұзды қопсыту жұмыстарының жалпы ауданы 5 000 шаршы метрді құрады. Саперлер мен құтқарушылар процесті жіті қадағалауда: судың өз арнасымен ағып, тұрғын үй массивтеріне қауіп төндірмеуі — басты назарда.

«Бүгінгі шаралар мұзды кептелістердің алдын алуға бағытталған. Бұдан бөлек, қала бойынша су басу қаупі бар 22 учаскеде инженерлік-техникалық жұмыстар жүргіздік: каналдарды реттеп, бөгеттер тұрғыздық және су ағынының бағытын бұрдық. Ақтөбе арқылы өтетін және елді мекендерге жақын орналасқан 8 өзеннің қауіпті учаскелеріне ерекше көңіл бөлінді», — деп атап өтті қала әкімі Азамат Бекет.