
Ақтөбеде 2024 жылы бес қоғамдық кеңістікті демеушілер есебінен абаттандырған болсақ, өткен жылы 15 саябақ пен скверлерді қамту мүмкін болды.
Биыл демеушілер есебінен жасалатын қоғамдық кеңістіктер:
Ә.Молдағұлова даңғылылы бойындағы саябақтың жалғасын абаттандыру (Мәңгілік алау ескерткішінің арындағы аумақ);
”Қазпошта” алдындағы бос учаске;
Мәңгілік ел көшесіндегі бос жатқан аумақ (Алтын Орда, 24. “Grand Nomad” тұрғын үй кешені ауданы);
Бұрынғы “Магнит” кафесінің аумағы (Әбілқайыр хан даңғылында);
Есет батыр көшесі бойындағы алаңды (Гуманитарлық колледж ауданы);
Ескі қаладағы «Ретро-паркті» абаттандыру жұмыстарын аяқтау;
Қалалық Мәдениет үйі алдындағы сквер (Жилгородок ауданы);
”Жилгородок” базары артындағы қараусыз жатқан ескі сквер;
Бөкенбай батыр көшесіндегі жеке меншіктен мемлекет меншігіне қайтарып алынған автотұрақтардың орнына саябақ салу (Бөкенбай батыр, №39, 41 үйлердің ауданы);
Есет батыр тұрғын алабындағы желілік аллеяны батыр ескерткішіне қарай жалғастырып салу;
Алтынсарин көшесіндегі кітапхана (бұрынғы музей) қасындағы (“Қазақтан” аялдамасына қарсы беттегі қуыс жер) ескірген учаскені абаттандыру;
«Нұр ғасыр» мешіті алаңын лайықты абаттандыру;
«Бақыт аллеясын» (5-ші шағын аудан) абаттандыру;
Алтын орда ауданы, ACE теннис орталығы жанынан салынған скверді жалғастырып салу;
Стат управление алдындағы бос кеңістікті демалыс орнына лайықты абаттандыру (Әбілқайыр хан даңғылы);
11-шағын аудандағы (“7 роз” гүл дүкені) қараусыз жатқан бос кеңістікке сквер салу;
12-шағын аудандағы (“Optima Capital” тұрғын үй кешені ауданы) бос жатқан кеңістікті аллея ретінде абаттандыру;
Ескі қалада қала әкімдігінің артындағы скверді абаттандыру;
Есет батыр көшесі, 13 үйдің тұсына (“Дина” супермаркетінің ауданы) жақын жатқан бос кеңістікті абаттандыру;
Чернышевский мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы қараусыз бос жатқан учаскені абаттандыру;
Марьесева көшесі мен Бейбітшілік даңғылы қиылысындағы скверді абаттандыру;
Қалалық Мәдениет үйінің (Жилгородок ауданы) артындағы кеңістікті абаттандыру;
«Айна» сауда үйіне қарсы беттегі учаскені абаттандыру (Әбілқайыр хан даңғылы бойы);
Әл-Фараби көшесіндегі кеңістікті абаттандыру (“Аида” сауда үйінің ауданы);
Ә.Молдағұлова даңғылы, №47 үйдің ауданында бос жатқан учаскені аллеяға айналдыру (Әлия мемориалды музейі, ЖД управление ғимараттары орналасқан аудан);
Өнер орталығы мен Астана паркі ортасында орналасқан арканың арғы бетіндегі учаскені қалпына келтіру.
Бұл жұмыстарға қазір «Вибромастер» ЖШС, «Стандарт строй» ЖШС, «Номад құрылыс» ЖШС, Кафе «Бодрум», «Рамазан құс» ЖШС, «Слар» ЖШС, «Қала транс» ЖШС, «Алихан Ойл» ЖШС, «БД Кайыр» ЖШС, «Дина» сауда желісі, «Жол Алга Системс» ЖШС, «Зерде керамика» зауыты, «Автомаркет-04» ЖШС, «BS Holding» компаниясы, «Ақжайық автопарк», ПК «Ерзат», «Бабек құрылыс» ЖШС, ПК «Нектар», «Нұр-хан құрылыс» ЖШС, «Анвар» сауда желісі, «Sadu Business group» ЖШС, «Рахмет групп» және тағы басқа да компаниялар мен кәсіпкерлер демеушілік қолдау көрсетуге келісімдерін беріп отыр.