🔹Қала әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен мәслихаттың кезектен тыс 34 сессиясы өтті

🔹Қала әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен мәслихаттың кезектен тыс 34 сессиясы өтті

Депутаттардың қарауына қала бюджетінің шығыс бөлігін 5 млрд.тг. сомасына нақтылау сұрағы шығарылды. Қаражат көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй құрылысы, санитарлық тазалықты жақсарту, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй сертификатын беру және басқа да шығыстарға бағытталды.

«Биыл көктемнен бастап қаланы абаттандыру, жол жұмыстары, аула аумақтарын жөндеу, жаңа нысандар құрылысы сияқты көптеген жұмыстарды жоспарлап отырмыз. Оның бәрі де депутаттардың қатысуымен жүзеге асырылады», - деді Азамат Бекет.

Айта кету керек, нақтыланған бюджет қоғамдық көліктің әлеуметтік маңызы бар маршруттарын субсидиялауға, төменгі Қурайлы тұрғын алабына кірер жолдың құрылысына, Шестихатка, Шилісай тұрғын алаптарында автожол салуға, Есет батыр тұрғын алабы 3 және 4 шағын ауданында бес және тоғыз көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын және абаттандыру жобаларын аяқтауға жұмсалады.

Одан бөлек, әлеуметтік көмек ретінде баспана кезегіндегі аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй сертификаттарын беруге, Астана және Алматы аудандарында санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға және «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыруға қаржы бағытталатын болады.