eGov.kz порталы арқылы қалай неке қиюға өтініш қалдыруға болады

eGov.kz порталы арқылы қалай неке қиюға өтініш қалдыруға болады
Неке қиюға байланысты өтінішті онлайн түрде eGov.kz порталында ресімдеуге болады.
Портал арқылы өтініш беруге болады:
✅ Қазақстан аумағында неке тіркеуге;
✅ Шетелде неке тіркеуге.
МАҢЫЗДЫ: Неке қиюға өтінім беру процесі автоматтандырылған. Неке қию үшін некелесуші азаматтардың «Азаматтарға арналған үкімет» ХҚКО-ға жеке келуі қажет. Ал шетелде неке тіркеу үшін Қазақстан Республикасының консулдығына жүгіну қажет.
 Онлайн қызмет сіздің уақытыңызды үнемдейді, өтініш беру небәрі бірнеше минутты алады, ал өтініштің мәртебесін жеке кабинетте бақылауға болады.
--