
«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Әлеуметтік жәрдем орталығы» КММ өз қызметін үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібін, көлемін және сапасын реттейтін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына» және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына» сәйкес жүзеге асырады.
Орталық Ақтөбе қаласында тұратын еңбек жасындағы жақын туыстары жоқ жалғызбасты қарттарға, жеке сауықтыру бағдарламаларында көрсетілген жағдайда: І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға және мүгедектігі бар балаларға кепілдік берілген көлемде үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Әлеуметтік қызметкерлер келесі арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді:
1. Әлеуметтік-тұрмыстық
2. Әлеуметтік-медициналық
3. Әлеуметтік-психологиялық
4. Әлеуметтік-педагогикалық
5. Әлеуметтік-еңбек
6. Әлеуметтік-экономикалық
7. Әлеуметтік-құқықтық
8. Әлеуметтік-мәдени
Әлеуметтік қызметкердің міндеттері: аптасына екі реттен кем емес, тәуліктің күндізгі уақытында, бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж жалғызбасты қарттарға, мүгедектігі бар азаматтарға келесі кепілді әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді: үй немесе пәтер жинауға, тамақ пісіруге көмектесу, азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып әкеліп беру, коммуналдық төлемдерді төлеу, тұрғын үй жәрдемақысын рәсімдеу, зейнетақы төлеу орталығынан, банктерден, коммуналдық мекемелерден қажетті анықтамалар алу, хат жазу, жеделхаттар жіберу, қызмет алушыны емхана мен ауруханаға ертіп бару, нотариусқа еріп бару немесе үйге шақыру; бұрынғы жұмыс орнына, мәдени шараларға ертіп бару және тағы басқа. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкер мүгедектігі бар балаларды жеке гигиенаға және өз-өзіне қызмет көрсетуге, ұсақ және ірі моторикасын дамытуға, қоршаған ортаны танып білуге үйретеді, баланы әлеуметтендіруге ықпал етеді.
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Некрасов көшесі, 112, 21-кабинет.