Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады

Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады

Тұрғын үй көмегі аз қамтылған азаматтарға және табысы төмен отбасыларға беріледі, ал тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге және тұрғын үйді жалға алуға арналған шығыстар (егер ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынса) өңірде белгіленген шекті мөлшерден асып кетсе, онда бұл көмек беріледі.
Тұрғын үй көмегін өзінің жалғыз тұрғын үйінде тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған азаматтар ала алады.
Кім аз қамтылған деп есептеледі? Бір тұрғын үйде тұратын және отбасының барлық табысына шаққандағы тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге немесе (мемлекеттік қордан жалға алған жағдайда) баспананы жалдауға жұмсайтын нақты шығындары, мәслихаттар белгілеген шекті деңгейден (яғни 5%) асып кететін отбасылар аз қамтамасыз етілген деп есептеледі.
Көмек алудың негізгі шарттары:
1. Тiркеу және тұру: көмек тек тұрақты тiркелген және нақты тұрған жерi бойынша ғана көрсетiледi.
2. Жалғыз тұрғын үй: көмек тек бір тұрғын үй-жайға беріледі. Азаматтар өздерінің жалғыз тұрғын үйінде тұруы немесе оны мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алуы тиіс.
3. Табыстарды есепке алу: Отбасының табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынща есептеледі. Кірістің барлық түрі есепке алынады: жалақы, жәрдемақы, алимент, бизнестен түсетін кіріс, жалға алу, бағалы қағаздар, сыйға тарту және т.б. Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында көрсетілгендерді қоспағанда (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы).
4. Тағайындау кезеңі: Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға (3 айға) беріледі. Осы мерзім аяқталған соң қайтадан өтініш беріп, табыс пен шығынды растап отыру қажет. Мемлекеттік қызметті қайта алу мүмкіндігі қарастырылған.
Нені білу маңызды:
• көмек тек бір тұрғын үй-жайға ғана көрсетіледі;
• көмек жеке тұлғадан жалға алынған үйдің төлемдеріне қатысты емес;
• көмек коммуналдық қызметтерді нормативтен тыс тұтынуды жаппайды
• көмек тұрғын үй алаңының белгіленген нормаларынан асатын тұтынуды жаппайды;
• табысты жасырған жағдайда көмек тоқтатылып, қайтарылуы талап етілуі мүмкін.
Тұрғын үй көмегі: 15 минутта онлайн өтініш беруге болады
Өтініш беру екі тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. eGov.kz порталы арқылы (қызмет «Тұрғын үй көмегін тағайындау» деп аталады).
2. Тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) жеке өзі.