
2026 жылдың I тоқсанына «E-gov» электронды Үкімет порталы немесе Мансап Орталығына тікелей жүгіну арқылы өтініш бере алатынын хабарлаймыз.
Атаулы әлеуметтік көмек әр отбасы мүшесіне отбасы табысы (2025 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларына) мен кедейшілік шегінің айырмашылығымен есептеледі. Ақтөбе облысы бойынша 2026 жылдың I тоқсанына белгіленген кедейшілік шегі – 37 060 теңгені құрайды.
1. Еңбекке қабілетті отбасы мүшесі міндетті түрде Бағдарлама аясында белсенді шараларға қатысуы немесе тұрақты жұмыста болуы қажет. Бас тартқан жағдайда отбасының барлық мүшесіне Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
2. Ата-ананың бір мүшесі кіші баласы 3 жасқа толғанға дейін бала күтімімен отыра алады.
3. Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы учаскелік комиссияның қорытындысымен анықталады.
4. Атаулы әлеуметтік көмекке жүгінуші отбасының мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша қалалық тіркеуде болуы міндетті.
Ақпараттық жүйеде көрсетілмейтін қажетті қосымша құжаттар:
1. Алимент туралы (2025 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларына) анықтама;
2. Денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз жағдайда, дәрігерлік- консультациялық комиссия қорытындысы (мерзімі көрсетілген);
1. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа кіріс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.
2. Әлеуметтік Кодекске сәйкес балаларға қосымша төлем бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне жүргізіледі.
2025 жылы АЕК 4325 теңгені құрады.
ЕСКЕРТУ! Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың электрондық – цифрлық қолтаңбаны (ЭЦП) болуы қажет екендігін ескертеміз.