Біржолғы әлеуметтік көмек

Біржолғы әлеуметтік көмек

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы №173 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген сәттің алдындағы тоқсанда Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын бір рет берілетін әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, босатылған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей жүгінген тұлғаларға;
2) пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға;
3) жетімдерге, ата-анасының қамқорлығы жоқ тұлғаларға;
4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын тұлғаларға;
5) аз қамтылған отбасыларға (тұлғаларға);
6) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунтапшылығы вирусын жұқтырған он сегіз жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 “Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы” бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) бекітілген тізбесіне (бұдан әрі – Тізбесі) сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулардың бірінен зардап шегетін тұлғаларға.
Тізбесі бойынша бір рет берілетін әлеуметтік көмек бір тұлғаға бір ауру бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет бойынша кеңес алу үшін «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ уәкілетті органға Н.Некрасов көшесі, №112 мекенжайға жолығуына ұсыныс жасалады.