Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер беру

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер беру

Пайдаланушылар eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында Ф-2 (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың (кепілде болу, тиым салу) жоқтығы туралы анықтамасын ала алады
Анықтаманы Gov Mobile мобильді қосымшасында алу үшін:
- Авторизациядан өтіңіз;
- «Азаматтарға» - «Жылжымайтын мүлік » бөлімін таңдаңыз;
- «Сатып алу, сату, жалдау» бөлімінде «Ф-2 анықтамасы (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың (кепілде болу, тиым салу) жоқтығы туралы» қызметіне өтінім беріңіз;
- Анықтаманы кімге алып жатқаныңызды көрсетіңіз;
- Қажетті жолдарды толтырыңыз;
- Өтінімге қол қойыңыз;
- Қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысыңыз