"Жыл үздігі – 2025" жастар сыйлығын табыстау салтанаты өтті

"Жыл үздігі – 2025" жастар сыйлығын табыстау салтанаты өтті

Қала әкімі Азамат Бекеттің қатысуымен жаңа жыл қарсаңында жастардың “Жыл үздігі - 2025” жастар сыйлығын табыстауға арналған салтанатты шарасы өтті.

Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шарада жыл бойы қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып, өзі қызмет ететін саласында жетістіктерге жеткен үздік жастар марапатталды.

«Жыл үздігі - 2025» жастар сыйлығы белсенділігімен көпке үлгі болған, ізденісімен езгелерді алға жетелеген жастарды біріктірді.

Бұл шарада қала әкімі «Үздік жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы», “Үздік жас спортшы”, “Үздік волонтерлық топ”, “Үздік жас өнерпаз”, “Үздік жас ұстаз”, “Үздік жас жұмысшы”, “Үздік жас өрт сөндіруші”, “Үздік демеуші-меценат”, “Үздік жас дәрігер”, “Үздік жас тәртіп сақшысы” номинациялары бойынша жеңімпаз атанған жастарға “Жыл үздігі - 2025” сыйлығын табыстады.

«Ақтөбе — жасампаз жастарымен мақтанатын қала. Бүгінде шаһарымызда 14 пен 35 жас аралығындағы 162 223 жастар бар. Бұл — қала халқының 28,4 пайызын құрайтын үлкен әрі қуатты әлеует.
Биыл жыл басынан қаламызда жастардың қатысуымен тұрғындарды қайырымдылыққа, тазалыққа, жақсылыққа тәрбиелейтін көптеген іс-шаралар өтті. 26 мың жас қамтылды. Жастардың жетістігі — қаламыздың мақтанышы», - деді Азамат Бекет.