
Құрметті қала тұрғындары мен ұйымдар өкілдері!
Сіздерді күзгі-қысқы-көктемгі кезеңдегі қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе қаласының аумағында жер жұмыстарын жүргізуге уақытша шектеулер енгізілетіні туралы хабардар етеміз.
2025 жылдың 1 желтоқсанынан 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін Ақтөбе қаласының барлық аумағында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда, жер жұмыстарының барлық түрлері тоқтатылады. Бұл шешім қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ықтимал оқиғалардың алдын алу және ауа райының нашарлауына (қар, аяз, қардың еруі) байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында қабылданды.
Барлық азаматтар мен жауапты ұйымдардан өз жұмыстарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді және белгіленген шектеу мерзімдерін қатаң сақтауды сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет!