Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі ( Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына сәйкес):
1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша іс жүзінде тасымалданған жолаушылар туралы ақпарат;
2) Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, орындалған жұмыс туралы ақпарат;
3) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес билеттерді сату жөніндегі ақпарат;
4) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаржы қаражаты туралы ақпарат;
5) тасымалдаулар ауданаралық (қалааралық облысішілік) немесе ауданішілік қатынастарда жүзеге асырылған кезде, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын автовокзалдардың (автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің) диспетчерлік қызметінің құжаты және (немесе) автовокзалы (автостанциясы, жолаушыларға қызмет көрсету пункті) жоқ елді мекендерде диспетчерлік жүйенің құжаты;
6) Қағидалардың 4-тарауына сәйкес айқындалған маршрут бойынша құны тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршрут (км) бойынша автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүрісін негізгі ала отырып, елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметінен осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын құжат;
7) диспетчерлік қызметтің қалалық және қала маңындағы маршруттар бойынша рейстерді орындамағанын растайтын (бар болған жағдайда) құжаты.
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар электрондық көшірмеде немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасында ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі — 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі — субсидия тағайындау және төлеу туралы хабарлама не субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап..