АМАНШИЕВ АЛЬБИ ЖАЕКПАЙҰЛЫ – «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы

АМАНШИЕВ АЛЬБИ ЖАЕКПАЙҰЛЫ – «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы

А.Ж. Аманшиев 1979 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бейнелеу өнері мамандығы бойынша, Қазақстанның көпсалалы «Парасат» институтын құрылыс мамандығы бойынша аяқтаған.

Ақтөбе қаласы Қызылжар орта мектебінің мұғалімі, «Ақтөбе-геодезия» ЖШС геодезисті, геодезия тобының басшысы, бас директорының орынбасары, Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы, «Универсал Алмас ИД» ЖШС қаржы директоры, Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы болып қызмет атқарды.

2025 жылғы 11 шілдеден бастап «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.