Дербес зейнетақы жоспары

Дербес зейнетақы жоспары

Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.

Ал зейнет жасында ол тіпті өзекті. 

 

🔹Болашақ зейнетақыңыздың қандай болғанын қалайсыз? Мақсатыңызға жету үшін қанша жинақ жетіспейтінін білгіңіз келе ме?

 

 Онда БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинеттегі «Дербес зейнетақы жоспары» қызметін қолданыңыз.

 

Бұл қызмет қандай мүмкіндік береді?

✅ Болашақта алғыңыз келетін зейнетақы көлемін белгілеп, ай сайын аударылуы тиіс жарна мөлшерін біле аласыз;

✅ Жоспардың орындалу барысын айлар мен жылдар бойынша берілген кесте арқылы бақылай аласыз;

✅ Қажет болған жағдайда, жоспарыңызды қалауыңызша түзете аласыз.

 

💻 www.enpf.kz сайты →  Жеке кабинет → «Дербес зейнетақы жоспары».

 

Бай-қуатты болашағыңызды бүгіннен бастап жоспарлаңыз!