Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама (бұдан әрі - ипотекалық бағдарлама) және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған тұрғын үй бағдарламасы (бұдан әрі – “Наурыз” тұрғын үй бағдарламасы) (бұдан әрі - тұрғын үй құрылысы бағдарламасы), шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1) әлеуметтік көмек түріндегі бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
2) әлеуметтік қолдау түріндегі бастапқы жарна сомасының 90% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.
Мемлекеттік қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1.«Екінші деңгейлі банктен» (Отбасы банк АҚ) мақұлдама алу;
2.Төмендегі құжаттармен "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш беру:
1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш;
2) осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;
3) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің (Отбасы банк АҚ) хатының электрондық көшірмесі.
4)Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттары.
3. Толық ақпарат алу үшін Ақтөбе қаласы, Некрасова 112, 7 каб. Жолығуыңызға болады.