БЖЗҚ» АҚ ашық есік күні:

зейнетақы жүйесіндегі құқықтар мен алаяқтықтан қорғану жолдары«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды және БАҚ өкілдерін 2025 ж. 11 маусымында«Ашық есік күні» аясында өтетін онлайн-кездесуге шақырады.Кездесудің тақырыбы: «Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз,алаяқтықтан сақтану жолдары».Онлайн-кездесуде зейнетақы жинақтары бойынша халықтың қаржылық жәнеқұқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ алаяқтықтан қорғану жолдарытуралы айтылады.Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етугебағытталған қауіпсіздік шаралары туралы толық ақпарат береді, сондай-ақ,ақпаратты тек ресми дереккөздерден және тікелей Қордан алудыңмаңыздылығын, заңды қызметтер мен алаяқтық әрекеттерді қалай ажыратуғаболатынын, сондай-ақ ақылы кеңес ұсынатын бөгде тұлғалардан қандайқауіптер туындайтынын түсіндіреді.Сонымен қатар, Қор қызметкерлері зейнетақы төлемдерін алу тәртібіментаныстырады. Бұдан бөлек, шарттар мен ресімдеу тәсілдері, enpf.kz сайтынантөлемдерді ресімдеу тәртібі жөнінде ақпаратты табу жолдары туралыайтылады.Сіз зейнетақы жинақтарының қыр-сырын түсінуге көмектесетін және барлықсұрақтарыңызға жауап беретін сарапшылармен әңгімелесе аласыз.Қалай қатысуға болады?∙ Іс-шараға тіркеліңіз. Сілтемелер Instagram-профильдің жоғарғы бөлігіндеқолжетімді.∙ Кестеге сәйкес онлайн-сессияға қосылыңыз.∙ Сұрақтарыңызды қойып, толық жауап алыңыз.