Құрметті салымшылар!

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Сізді қырағы болуға шақырып,дербес деректеріңізді мұқият қорғау қажеттілігі туралы ескертеді.Интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Ондай кезде қаскүнемдерөздерін мемлекеттік органдардың немесе қаржы ұйымдарының қызметкеріретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізугетырысады.Назар аударыңыз:• "БЖЗҚ" АҚ қызметкерлері телефон арқылы қоңырау шалмайды.o ЖСН, жеке куәлік нөмірі;o банктік карталар немесе шоттар туралы мәліметтер;o SMS растау кодтары;o қолданбалар мен басқа қызметтердің құпия сөздерітуралы мәліметтерді беруіңізді өтінбейді.• "БЖЗҚ" АҚ телефон арқылы ықтимал күдікті әрекеттер немесе "қаражаттыбұғаттау" туралы хабардар етпейді.• Кез келген ресми ақпарат салымшының жеке кабинеті, Қордың ресми сайтыарқылы немесе салымшы "БЖЗҚ"АҚ филиалына жеке өтініш жасаған кездеберіледі.Өзіңізді қалай қорғауға болады:• Өздерін "БЖЗҚ" АҚ немесе мемлекеттік құрылымдардың қызметкеріретінде таныстырса да, құпия деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз.• Түскен ақпараттың дұрыстығын ресми дереккөздер (www.enpf.kz сайты,1418 байланыс орталығы) арқылы тексеріңіз.• Күмәнді қоңыраулар жасалып, хабарламалар алған жағдайда — қарым-қатынасты дереу тоқтатып, алаяқтық әрекет туралы құқық қорғауоргандарына хабарлаңыз.Зейнетақы жинақтарыңыз бен жеке мәліметтеріңізге сақ болыңыз! Олардысауатты қорғай біліңіз!