Тұрғын үйге есепте тұрғаныңызды Отбасы банкінің orken.otbasybank.kz порталы арқылы онлайн тексерудің толық әрі түсінікті жолы:
1. orken.otbasybank.kz порталына кіресіз.
2. Басты беттен «Есепке қою мәртебесін тексеру» деген батырмасын басыңыз.
3. Ашылған жолаққа ЖСН-ды (жеке сәйкестендіру нөмірін) енгізіңіз.
4. «Тексеру» батырмасын басыңыз.
-Егер кезекте тұрмасаңыз – жүйе бұл ЖСН бойынша ақпарат жоқ деп көрсетеді.
- Егер кезекте болсаңыз – кезегіңіздің мәртебесі, санаты, тіркелу күні және өзге де деректер толық көрсетіледі.
Бұл – кез келген уақытта, ешқайда бармай-ақ өз мәртебеңізді тексерудің ыңғайлы тәсілі.
Егер сіз кезекте тұрсаңыз, порталға қайта тіркелудің қажеті жоқ!