26-30 сәуір күндері аралығында Өзбекстан елінің Ханабад қаласында өткен ГІР СПОРТЫНАН (U-16, U-18) Әлем чемпионатына қатысқан Әйтеке би БЖСМ-нің тәрбиеленушісі СӘБИТҰЛЫ ШЫНИСЛАМ 53 келі салмақ дәрежесінде жарыстың бірінші күнінде “ұзын айналым” әдісі бойынша ЕКІНШІ орынға ие болса, жарыстың екінші күнінде “серпе көтеру” әдісі бойынша ҮШІНШІ орын және эстафеталық жарыста командаластарымен бірге Әлем біріншілігінің тағы бір күміс медалін қанжығасына байлады!
⠀
Сөйтіп, бір Әлем чемпионатында үш бірдей жүлде алған оқушымыз аудан спортының тарих беттерін жаңартуда!
⠀
Спортшыны және жаттықтырушысы Аманкулов Сағдат Төлеубайұлын құттықтаймыз!