Ұлттық кітап күні құтты болсын!

Ұлттық кітап күні құтты болсын!

Құрметті кітапсүйер қауым! Кітап – адамның ойын озық қылып, жан-дүниесін байытатын, рухани дамытатын бірден-бір құрал. Бүгінде бәріміз де өз ұлтымыздың ғана емес, шетел жазушыларының шығармаларына бала кезден таныспыз. Қазақ қаламгерлерінің кейіпкерлеріне ұқсауды мұрат тұтқанымыз да осы кітаптың құдіреті.

Интернеттің дамуы кезінде кітапханаға бас сұғушылар азайғанымен, кітаптың маңызы ешқашан төмендемейді. Биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Бұл күн – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін ерекше мереке.

Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Енді әрбіріміз осы ұлы күннің қадірін түсініп, кітап әлеміне тағы да бір қадам жақындай түсейік.

Әрқашан жақсы әдеби шығармалармен жаныңыз жақсылыққа, рухани байлыққа бастай берсін!

Құрметпен,
Әйтеке би ауданының әкімі
Д. Тоғызбаев.

#ҰлттықКітапКүні #КітапСүйерҚауым #Әдебиет #РуханиДаму #Кітап #ҚазақӘдебиеті