Әйтеке би ауданы Қ.Шаңғытбаевтың 100 жылдығын тойлауға әзірлік үстінде

Әйтеке би ауданы Қ.Шаңғытбаевтың 100 жылдығын тойлауға әзірлік үстінде

Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының тұрғындары Қазақстан Халық жазушысы, ақын Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығын мерекелеуге белсенді дайындалуда. Ақын өмірінің көп бөлігін Алматыда өткізгенімен, Қарабұтақ ауылында дүниеге келді, оқыды, ол туралы естелік те туған жерінде сақталған. Мерейтой қарсаңында облыс әкімі Қарабұтаққа барды.

Жұмыс сапарында өңір басшысы Қарабұтақ ауылдық округінің қазіргі жағдайымен және даму барысымен танысты, сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесті. Бүгінде Қарабұтақта 3153 адам тұрады, 617 аула бар.

Назар аударылған маңызды нысандардың бірі - Қ.Шаңғытбаев атындағы мектеп. Биыл мамыр айында мұнда 364 млн теңгеге күрделі жөндеу басталады, мердігер – «Строй мастер» ЖШС. Жұмыстарды тамыз айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, атақты жерлесіміздің 100 жылдығына арналған мерекелік шараға дайындық қарқынды. Мереке аясында аудандс еске алу кеші өтеді, жергілікті шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт беріледі, мектепке іргелес аумақ абаттандырылады.

Ауданда абаттандыру жұмыстарына көп көңіл бөлінген. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Қарабұтақта Әліби Қойлыбаев атындағы орталық саябақ салынды. 2018 жылдан бастап меценат Қайрат Қойлыбаев оны дамытуға жыл сайын өз қаражатын салуда. Инвестициялардың жалпы көлемі 40 млн теңгені құрады. Саябақта ойын және спорт алаңдары, концерттік сахна, ағаштарды суаруға арналған ұңғыма бұрғыланды, жарықтандыру ұйымдастырылды. Енді кәсіпкер ауылда воркаут пен ойын алаңдарын орнатуды жоспарлап отыр. Биыл тағы бір кәсіпкер Жасталап Жанбауов жалпы сомасы 20 млн теңгеге гүлзарды жабдықтауға ниетті.