Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен «ЖЕТІ ӨНЕР - ТАШКЕНТ» ІІ халықаралық өнер фестиваль-конкурсында өздерінің ерекше дарынымен көзге түсіп, жоғары шеберлік пен таланттарын көрсеткен ауданымыздың жас өнерпаздары жүлделі орындардан көрінді.
Гүлдана Қалмағанбетова бастаған «Замандас» халықтық театры театр жанры бойынша гранпри иегері атанды. Бұл ұжымның сахнадағы керемет өнері фестивальдің жоғарғы сыйлығын жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Сейітжан Нұрсая мен Жұбанышбаева Айсезім эстрада вокал жанры бойынша жеңімпаз атанды. Жас таланттарымыздың өнері Ташкентте жоғары бағаланып, олардың шеберлігі мен ерекше дауыстары көпшілікті таң қалдырды.
Ауданымыздың өнерпаздарына үлкен жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!