Аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті

Аудан әкімінің жеке қабылдауы өтті

Бүгін аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Қабылдауға келген азаматтар:
Үйге газ кіргізу мәселесі туралы;
Ауыз судың сапасы туралы;
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлердің құжаттарын заңдастыру туралы;
Мемлекет тұрғын үй қорынан үй бөлу және басқа да мәселелер, қозғалып, заң жүзінде барлық өтініш білдірген азаматтарға түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, аудан әкімі лауазымды тұлғаларға өтініштердің орындалуы жөнінде тапсырма беріп, бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Азаматтарды жеке қабылдау - әр аптаның сәрсенбі күндері өткізіледі. Дегенмен, бекітілген кестеге қарамастан маңызды (проблемалық) мәселелермен келген азаматтарды жұмыс күндері кез-келген уақытта (іс-сапарда, жиналыстарда болмаған уақыттарда) қабылдау жүргізіледі.
Жеке тұлғаларды, заңды тұлғаларды алдын-ала қабылдауға жазу және қабылдау, аудан әкімдігі ғимаратының № 5 бөлмесінде немесе 8(71339)22435 телефон байланысы арқылы жұмыс күндері жүргізіледі.
Бекітілген регламентке сәйкес алдын-ала тіркеліп мәселеңізбен жеке қабылдауға келуіңізге болады.