Күні тәртібінде:
- Т.Жүргенов ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының 2024 жылғы жұмыс есебі тыңдау
- бастауыш ардагерлер ұйымының кеңес мүшелерін сайлау
- Т.Жүргенов ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасын сайлау сұрақтары қаралды.
Нәтижесінде пленум мүшелері атқарылған жұмыс туралы баяндаманы қабылдап, Кеңес мүшелерін сайлады.
Т.Жүргенов ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы ретінде ауыл тұрғыны, көп жылдан бері мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен Сатимов Мейрамбек Шайхыұлы сайланды.