Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын!
Мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін!
Құрметпен,
Аудан әкімі Д.Тоғызбаев