ОБЛЫСТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ОБЛЫСТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Ақтөбе қаласының 155 жылдығы мен қазақтың әйгілі актері, кинорежиссеры, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 - жылдығына арналған
балалар мен жасөспірімдер театры фестивалінде “Замандас” халықтық театр ұжымы жүлдегер атанды.

“Замандас” халықтық театры режиссері Гүлдана Қалмағанбетова мен Еңбекту ЖОББМ мұғалімі Әлия Бекболатқызы алғыс хатпен, “Замандас” халықтық театры “Үздік ұжымдық жұмыс” дипломымен, жас актриса мектептің өнерлі оқушысы Ақбота Ахметалы “Үздік қыз бала бейнесі” номинациясымен марапатталды.

Құттықтаймыз!