«САХНАДАН СӘЛЕМ-3» ТЕАТРЛАРДЫҢ АУДАНДЫҚ ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫ

«САХНАДАН СӘЛЕМ-3» ТЕАТРЛАРДЫҢ АУДАНДЫҚ ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫ

«САХНАДАН СӘЛЕМ-3» ТЕАТРЛАРДЫҢ АУДАНДЫҚ ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫ ДҮРКІРЕП ӨТТІ

 

Рухани байлық - жан азығы демекші орын алып жатқан сын сағаттарында да рухты жігерлендіру, жабырқау көңілді азықтандыру жұмыстары тоқтамау қажет.

12-13 сәуір күндері Әйтеке би ауданында аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған “Замандас” халықтық театрының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін “Сахнадан сәлем-3” аудандық театрлар фестиваль-байқауы өтті.

Фестиваль-байқаудың ережесі өткен жылғы қарашада бекітіліп, таратылып, ұсыныстар биылғы жылдың басынан қабылданды. Жылдан-жылға жалғасы тапқан шара жемісін беруде! Театрдың ұйымдастыруымен 3 жылдан бері бұл фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. Алғашқы жылы 11 театрмен өткен шара жыл сайын өз қатысушыларын еселей түсті. 2023 жылы 16 театр қатысқан. 2024 жылғы жаңа да үздік ұжым 21 театр арасынан анықталып, 170 қатысушы бойындағы дарынын сахнада паш етті.

           «Замандас» халықтық театры 2000 жылдары мәдениет қолдау жылы аясында жай әуесқой театр болып құрылды. 2003 жылы арнайы бұйрықпен ресми түрде құрамы бекітілдіп, театрға сол кездегі театр мүшелерінің замандас, құрдас болғандықтан «Замандас» деп құқрылды. Құрамында Мұрат Қалмағанбетов, Арыстан Оразымбетов, Самат ағамыз, Асқарбек Тілепбергенов сынды шебер актерлар болды. Театр тынымсыз еңбектің арқасында талай республикалық, аймақтық фестивалдердің қатысушы жеңімпаздары, құрметті қонақтары болды. Театрдың режиссері М.Қалмағанбетовтың бірнеше сатира, комедия, драма жанрындағы қоғамдағы болып жатқан айшықтауы жайындағы бірнеше шығармаларын көрерменге ұсынды. Театр 2009 жылы халықтық атағын қорғады.

            Қазіргі таңда театрды М.Қалмағанбетовтың қарындасы Гүлдана Қалмағанбетова аға аманатын жалғап режиссерлық қызмет атқарып келеді. Құрамында аудандық саз мектебінің мәдениет үйінің қызметкерлері өнер көрсетіп жүр. Театр ұжымы үлкен драмалық шығармаларды ойнауда үлкен шеберік танытуда.

Сонымен қатар осы байқау фестиваль арқылы бірнеше түлектеріміз театр саласын таңдап қазіргі уақытта республикамызға танымал оқуларда осы мамандық бойынша білім алуда. Биылғы жылғы фестиваль-байқаудың қонағы Алтынбек Шайхин де осы театрдың қарлығашы. Аймақтық, республикалық театр байқауының «Үздік ер адам» номинациясының иегері, жеңімпазы.

Екеі күн қатарынан дүркіреген фестиваль-байқаудың қорытындысында:

Бас жүлде – Т.Жүргенов ауылы – 200 000 (екі жүз мың теңге)

І орын – Еңбекту ауылы  - 150 000 (жүз елу мың теңге)

ІІ орын – Әйке ауылы – 100 000 (жүз мың теңге)

ІІІ орын – Сарыбұлақ ауылы – 70 000 (жетпіс мың теңге)

«Үздік актриса» - Искакова Бекзат –20 000 (жиырма мың теңге)

«Үздік актер» - Жүгінісов Арман - 15 000 (он бес  мың теңге)

«Үміт» - Сұлукөл ауылы – 20 000 (жиырма мың теңге)

«Жаңа есім» - Кеңес Асылайым - 15 000 (он бес  мың теңге)

«Көрермендер көзайымы» - Аралтөбе ауылы - 20 000 (жиырма мың теңге)

«Үздік режиссер» - Сағынтаева Гүлсезім – 20 000 (жиырма мың теңге)

«Мұрат Қалмағанбетов атындағы жүлде» - Аралтоғай ауылы – 50 000 (елу мың теңге)

«Арнайы жүлде» -Қарабұтақ ауылы – 20 000 (жиырма мың теңге)

«Үздік декорация» - Сарыбұлақ ауылы – 15 000 (он бес мың теңге)

«Арнайы жүлде» - Жабасақ ауылы - 15 000 (он бес мың теңге)

«Үміт» - Белқопа ауылы-15 000 (он бес мың теңге)

«Үздік актер» Лайық Дастан - 15 000 (он бес мың теңге)

«Үздік актриса» - Шаханова Шапағат -15 000 (он бес мың теңге)

«Мұрат Қалмағанбетов атындағы жүлде» - Аралтоғай ауылы – 20 000 (жиырма  мың теңге)

Еліміздің мәдениет пен өнердегі болашақ жұлдыздары, ауылдан шыққан талантты ұл-қыздары осындай байқаулардан қанаттанатындығына кәміл сенім бар.

Барлық ұжым мен дарабоздарға сәтті қадамдар мен шуақты өмір тілейміз!