"Аңсар" ақпараттық талдау орталығының мамандары ақпараттық түсіндіру жұмыстраны жүргізу

"Аңсар" ақпараттық талдау орталығының мамандары ақпараттық түсіндіру жұмыстраны жүргізу

“Аңсар” ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Асанов Нұрлан және жастармен жұмыс жөніндегі маманы Е.Таганов ауданымызға жұмыс сапарымен келді.

16-сәуір:
С.Оразалин атындағы ЖОББМ «Дәстүрлі дін мен жат ағымның айырмашылығы»;
Б.Сейсекенов ат. ЖОББМ «Дін мен дәстүр сабақтастығы»;
Т.Жүргенов ауылы Халыққа қызмет көрсету орталығы «Діни сауаттылық – рухани байлық».
17-сәуір:
Т.Жүргенов ат. ЖОББМ «Жат ағым зардабы»;
М.Жұмабаев ат. ЖОББМ «Діни толеранттылық – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолы»;
Сұлукөл ЖОББМ «Діни радикализмнің алдын алу»;
Бенқала кен орны«Дін және қоғам» тақырыптарында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мамандар дін және мемлекет, зайырлылық ұғымы, рухани құндылықтар мен мәдениет, жат ағымдардан сақтану жолдары және қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі сыбайлас жемқорлық пен оның алдын алу жолдары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған діни сұрақтарға жауап берді. @ansar_aqparat