Ұрлықты болдырмау - басты міндет !

Ұрлықты болдырмау - басты міндет !

Ұрлықты болдырмау- басты міндет!

Ұрлық, қылмыстық құқықта — мүлікті жасырын қымқыру. Ұрлықтың қай заманда болсын қоғамға әлеуметтік әсерінен бөлек, саяси салқыны, мәдени зардабы да орасан.

Ұрлық қоғамдық немесе жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстардың қатарына жатады. Жәбірленуші мен басқа адамдар байқамайды деген сеніммен қылмыскердің мүлікті жасырын жымқыруы ұрлықтың тонау мен барымталаудан айырмашылығы болып табылады. Кейбір мемлекеттердің қылмыстық кодекстерінде ұрлықты мемлекеттік немесе қоғамдық меншікті иемдену мақсатындағы ұрлық және жеке меншікті иемдену мақсатындағы ұрлық деп екіге бөледі.

Мемлекеттік немесе қоғамдық меншікті ұрлық үшін жеке меншікті ұрлағаннан гөрі қатаңдау жаза қолданылады. Азаматтардың жеке мүлкін ұрлағаны үшін жауапкершілікті ауырлататын мән-жайларға заң бойынша мыналар жатады: ұрлықты қайталап жасау; ұрлықты бір топ адамдардың алдын ала келісіп жасауы; жәбірленушіге едәуір залал шектіру; ұрлықты аса қауіпті кәнігі қылмыскердің жасауы.

Мәселен, а.ж. аудан аумағында ауыл тұрғыны  «А» егістікте бөтен мүлікті жасырын жымқыруды жоспарлап,  егістікте қараусыз комбайн тұрғанын алдын ала біліп, комбайнның ішінен солярка, аккумулятор және көліктің қосалқы заттарын ұрлап алып, нәтежиесінде жәбірленуші тарапқа айтарлықтай материалдық шығын келтірілді.

Ұрлыққа барған кінәлі тұлға соттың үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.

Ұрлық әдетке, әдет әдепті бұзатын бұзатын ауыр күнәға апарады.

Біреудің мүлкіне қол салып қылмыс жасау абырой әкелмейтіні анық, «Ұрлық түбі-қорлық» демекші жақсылыққа жетелер жол емес екендігін әрбір азаматтың түсінгені дұрыс.

 

 

Әйтеке би ауданының прокуратурасы