Қазақ күресінен жарыс өтті

Қазақ күресінен жарыс өтті

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

Наурызнамаға онкүндігі аясында, Қарабұтақ ауылдық балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастырумен, қазақ күресінен 2013-2016 жылы туылған жасөспірімдер арасында екінші дәстүрлі ашық біріншілігі өтті.

Төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандыратын спорт түріне Ақкөл, Аралтөбе, Аралтоғай, Қарабұтақ, Талдысай, Т.Жүргенов, Толыбай, Жас арыстан спорттық әскери патриоттық клубынан жалпы 8 команда қатысып, 150 ге жуық жас палуандар бақ сынасты.

Қазіргі таңда Қарабұтақ ауылдық балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің 130 жасөспірім қазақ күресімен айналысады. 15 спортшы республикалық додаларда ауданның намысын қорғап, жүлделі орындарды иеленіп жүр.