Рамазан айы құтты болсын!

Рамазан айы құтты болсын!

Құрметті жерлестер!
Барлық мұсылман қауымы үшін қастерлі де, қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза – адамзат баласын сабырлыққа тәрбиелеп, бардың бағасына жетіп, әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарға қайырымдылық жасауға шақыратын қасиетті парыздың бірі, реніштерді ұмытып, көңілге шуақты ұсынатын шақ.
Қадірлі ағайын!
Жан-дүниемізді тазартып,имандылық ниетке жол ашатын Рамазан айында жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңізді, барша тілектеріңіз бен дұғаларыңызды АЛЛА Тағаламыз қабыл етсін
Әрбір отбасына амандық, толағай табыс, ырыс пен ынтымақ тілеймін!
Ізгі ниетпен Д.Тоғызбаев,
Әйтеке би ауданының әкімі.