Аралтоғай ауылдық округі орталығымен, Милы, Ұлғайсын, Қияқты елді мекендері тұрғындарымен кездесуі болып өтті

Аралтоғай ауылдық округі орталығымен, Милы, Ұлғайсын, Қияқты елді мекендері тұрғындарымен кездесуі болып өтті

Аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Алдабергенов пен Аралтоғай ауылдық округінің әкімі С.Дүйсенбаев Аралтоғай ауылдық округі орталығымен, Милы, Ұлғайсын, Қияқты елді мекендері тұрғындарымен кездесуі болып өтті. Барлық ауылдың көшелері жарықтандырылған. Милы ауылға кіреберіс жолды дұрыстау және Ұлғайсынмен екі елдімекенде байланыс жақсартуды қажет етеді.
Ұлғайсында ауызсу жұмысы жүруде. Траншеялар қазудың 60 пайызы даяр. Жоспар бойынша 5 ай ішінде іске қосылу тиіс. Одан соң құрылысы басталады. Және бұл бағытты Қияқты елдімекеніне де көгілдір отын тартылмақ. Жуырда бұл жоба мемлекеттік сараптау келді. Өткен жылы Ұлғайсында медпункт қолданысқа берілді.
Аралтоғай ауылы "Ауыл аманаты" жобасына аудан бойынша пилоттық жобаға енген екінші ауыл. Қазірде 10 адам бұл іске қатысып отыр. Аралтоғай облыс бойынша үлгілі округ қатарына еніп отыр.
Ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі қалыпты, көптеген шаруалар биыл одан әрі жалғасын табады.
Жиында қойылған сауалдарға аудан басшысы мен округ әкімі егжейлі-тегжейлі жауап беріп, әрбір ұсыныс-тілектерге назар аударылатыны, барлық жобаларға заңға сәйкес қолдау болатынын жеткізді.