“1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні” аталып өтті.

Әйтеке би ауданында “1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні” аталып өтті.
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Ауданымыздағы ұлт өкілдері ұлттық ән-билерін ортаға салды. Қазақстан деген киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп отырған
еліміздегі этностардың ұлтаралық тату-тәттілігін паш етті.
Бірлігіміз жарасып, бейбіт өмірде күн кешейік!