1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Еліміз егемендігін алғалы бері де достықты, бірлікті, тең құқықты ту етіп келеді.
Соның арқасында бүгінде Қазақстан достықтың киелі шаңырағына айналып отыр.
Қазақты қасиетті қарашаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар сол шаңыраққа шаншылған уықтар. Ортақ Отанымыз Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру елдік міндет.
Алдағы уақытта да ұлттық игілігімізге айналған азаматтық татулық пен этносаралық келісімді сақтау – жалпыұлттық міндет болып қала бермек.

Баршаларыңызды тағы да бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілейміз! Біз бірлікте болсақ барлық қиындықты жеңе аламыз. Заңды орындап,қаңқу сөздерді артқа
тастап, еліміздің болашағын ойлайық. Ел болашағы біздің амандығымызда, ұрпағымыздың дені сау болып өсуін тілейік.
Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын!

Құрметпен,
Аудан әкімі Д.Ермағанбетов.