Ералы Тоғжанов Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

   Ералы Тоғжанов Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өз дауысын Қарғалы тұрғын үй алабында орналасқан №549 сайлау учаскесінде берді.
 
Бүгін мұнда 2 167 сайлаушы, оның ішінде негізгілері Есет батыр атындағы тұрғын үй алабы және бау-бақша ұжымдарының тұрғындары өз таңдауын жасайды деп күтілуде.
 
«Қазақстанда үлкен өзгерістер орын алуда. Бүгінгі сайлау елде саяси реформалардың жүзеге асырылып жатқанын білдіреді. Оларға қатысу - әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Баршаңызды еліміздің болашағы үшін ауызбіршілігімізді, бірлігімізді көрсетуге шақырамын», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов