Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?

Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?

Зейнетақы жинақтарын 6 тәсілдің бірін пайдалану арқылы тексеріңіз:
▪️Enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетіңізде
▪️БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы
▪️Жақын маңдағы БЖЗҚ-ның кеңсесінде. Бөлімшелердің тізімі enpf.kz сайтында қолжетімді
▪️БЖЗҚ-да көрсетілген электрондық пошта арқылы
▪️Пошта қызметі арқылы жылына бір рет
▪️ «Азаматтарға арналған электрондық үкімет» eGov.kz порталында немесе eGov ұялы қосымшасында
Қажетті ақпараттандыру тәсілін таңдау үшін тікелей БЖЗҚ кеңсесінде немесе БЖЗҚ сайты арқылы тиісті шарт жасасу қажет екенін ескеріңіз. БЖЗҚ сайтында бір ғана әдісті таңдауға болатынын атап өткен жөн – «ЭЦҚ немесе логин және құпия сөзбен Жеке кабинетке кіру арқылы».