Ардақты аналар, әпке-қарындастар! Сіздерді шұғылалы көктемнің көркем мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ардақты аналар, әпке-қарындастар! Сіздерді шұғылалы көктемнің көркем мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ардақты аналар, әпке-қарындастар!
Сіздерді шұғылалы көктемнің көркем мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!«Дүниеде үш нұр болса, біріншісі - күннің нұры, екіншісі - ақылдың нұры, ал үшіншісі - ананың нұры» дейді халық даналығы.Дамыған қоғамның қай саласында да қыз-келіншектердің қолтаңбасы бар.
Жанға дауа болар – дәрігер, ұрпақ тәрбиелеген – ұстаз, ел экономикасын еселеп жүрген – кәсіпкер, өндірісте – инженер, бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер апалармен қатар, қоғам өмірінің барлық саласында жүрген қыз – келіншектер ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Әйелдер ел алдында – түрлі саланың қызметкерлері, ал, отбасында – аяулы ана, асыл жар, шаңырақтың шаттығы, отбасының ұйтқысы. Тәрбиелі отбасы – бақытты болашақтың ұясы.
Баршаларыңызды көктеммен қатар келген төл мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, дүниенің бар жақсылығын, қуанышы мен шаттығын, деннің саулығы мен ақ көңілдің шуағын тілеймін. Отбасыларыңызда бақ пен береке, әулеттеріңізге тек амандық болсын!

Құрметпен, Д.Ермағанбетов,
Әйтеке би аудан әкімі