Өрт және газ болон қауіпсіздігі туралы ақпарат

Өрт және газ болон қауіпсіздігі туралы ақпарат

Бүгінгі күні Ақтөбе облысының аумағында 57 өрт тіркелді (2022 жылы – 30) нәтижесінде облыстың 5 тұрғыны қаза тапты, (2022 жылы – 0) 1 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды (3 жарылыс салдарынан Ырғыз ауданында белгіленеді) (2022 жылы - 0).
Осылайша, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрттер санының 90% - ға артуы байқалады, өрт кезінде қаза тапқан және жарақат алған адамдардың саны 100% - ға өсті.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы үйлердегі жарылыстар жиілеп кетті. Сонымен, жыл басынан бері 3 факт тіркелді, атап айтқанда:
- Ағымдағы жылғы 20 қаңтар күні 23 сағат 07 минутта 112 құтқару қызметіне Ырғыз ауданы, Нұра ауылдық округі, Нұра ауылы, Жүргенов көшесіндегі жеке үйде өрт шығып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.
Шақырту орнына барған кезде жеке үй ішінде газ баллоны жарылып, салдарынан үйдің ішінде қабырғасы құлап, толықтай өртенді.Жалпы ауданы 168 ш.м. Өрт салдарынан 2 ер адам және әйел адам күйік алды. Зардап шегушілер Ырғыз аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.
Газ баллонының жарылу себебі газ баллонын пайдалану кезінде Өрт қауіпсіздік бұзуы.
- Ағымдағы жылғы 21 қаңтар күні 13 сағат 36 минутта Әйтеке би ауданында, Целинная көшесі бойында тұрғын үйде газ-ауа қоспасының (газ жүйесінде) жарылысы болды, жарылыс себебінен 120 ш.м. алаңда қабырға мен шатырдың құлауы анықталды, зардап шеккендер жоқ. Үйде 4 адам тұрды, оның ішінде бір бала;
- Ағымдағы жылғы 23 қаңтар күні 112 құтқару қызметіне 17 сағат 40 минутта Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылы, Ш.Қалдаяқова көшесі, газ-ауа қоспасының (газ жүйесінде) жарылысы болды, нәтижесінде үйдің қабырғалары мен шатырын құлатқаны анықталды. Өрт оқиғасы орын алмады. Жарылыс салдарынан 4 адам зардап шекті. Зардап шеккендер Облыстық көп салалы ауруханасына жеткізілді.
Біздің облыста әртүрлі конструкциялы газ аспаптарымен жылытылатын тұрғын үйлер бар, осыған байланысты өрттердің алдын алу мақсатында газ аспаптары мен баллондарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын еске саламыз:

Тұрмыстық газ аспаптарын газбен жабдықтауға арналған газ баллондары (оның ішінде ас үй плиталары, су жылыту қазандықтары, газ колонкалары) ғимараттардан тыс жапсарлас құрылыстарда немесе жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда қабырғаның тұйық тұсында кіреберістен кемінде 5 м қашықтықта ғимарат, цокольдық және жертөле қабаттары орналасады;
- балаларға және осы аспаптармен жұмыс істеу ережелерін білмейтін адамдарға газ аспаптарына жол бермеңіз;
- газ баллондарын гараждарда, пәтерлерде, балкондарда сақтамаңыз;
- газ баллондарын тек мамандандырылған пункттерде ғана толтырыңыз;
- пәтерді жылыту үшін газ плиталарын пайдаланбаңыз;
- пәтерлерде газ плиталарын өзіңіз қоспаңыз және ажыратпаңыз;
- газ құрылғыларын қосу кезектілігін сақтаңыз;
- газ ағып кеткен кезде сіріңкені тұтатпаңыз, темекі шекпеңіз, жарық пен электр құралдарын қоспаңыз;
- иіс пайда болған кезде дереу газ қызметі мен өрт сөндіру күзетінің қызметкерлерін шақырыңыз.