КӨҢІЛ АЙТУ

КӨҢІЛ АЙТУ

Өңір мәдениеті мен өнері тағы да бір арда азаматынан айырылды. Әйтеке аудандық мәдениет үйін 2013 жылдан бері басқарып, парасатты ғұмырын өңір мәдениетінің дамуына, өсіп-өркендеуіне арнаған Боранбаев Әміртай Майлыбайұлы дүниеден озды.
Ел мәдениетінің дамуына ерекше үлес қосқан абзал азаматтың есімі әрқашан қалың жұртшылықтың есінде мәңгі сақталады. Мәдениет үйі өнер ұжымдарына, отбасы және туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Боранбаев Әміртай Майлыбайұлы 1980 жылы туған. Білімі жоғары. Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2001 жылдан бастап Сарат, Аралтөбе а/клуб меңгерушісі, 2006 жылы «Целинник» мәдениет үйінде оператор, 2013 жылдан бастап аудандық «Целинник» мәдениет үйінің директоры қызметін атқарып келді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. 2018 жылы «Спорт жұлдыздары» Республикалық ғылыми-әдістемелік патриоттық журналының бас редакторы М.Тасқалиевтің «Өнерге қосқан үлесі үшін» медалімен наградталды. Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы болды.
Амиртай Боранбайұлы тапсырған жұмысқа, міндетіне, қызметіне өте ұқыпты, қызметке адал болды.

Көңіл білдіруші, Әйтеке би аудан әкімдігі