2022 жылғы 16 қарашада «БЖЗҚ» АҚ мен «Halyk Finance» Қазақстан Халық банкі ЕҰ» АҚ арасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалды. Кастодиан-банк «First Heartland Jusan Bank» АҚ болып белгіленді.
Осылайша, қазіргі уақытта салымшы инвестициялық декларациялар және комиссиялық сыйақы туралы ақпаратпен таныса отырып, бес инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) арасында таңдау жасай алады.
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға ИПБ таңдау туралы өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш Қордың www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі барып жүгінген кезде берілуі мүмкін.